Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудың 67 жастағы тұрғыны туғалы құжатсыз жүрген

Құжатсыз 67 жыл жүрген, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2022 16:12 Cурет: Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының 1955 жылы туған тұрғыны ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын жеке куәліксіз жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылқоға ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің қызметкерлері 67 жастағы азаматшаның жеке басын анықтап, заңға сәйкес тиісті құжаттар тізбесін жинақтап, жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу арқылы жеке куәлігін дайындаған.

"Белгілі бір себептерге байланысты жеке куәлік алуға мүмкіндігім болмады. Енді Қазақстанның азаматы екенімді растайтын жеке куәлікті алғаныма қуанып отырмын. Полицейлер мені бірден тіркеуге алып, жедел түрде жеке куәлігімді дайындап берді" - дейді құжатқа енді ғана қолы жеткен тұрғын.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол зейнет жасына шықса да, осы уақытқа дейін зейнетақы алмаған. Азаматша енді жеке куәлігімен құзырлы органдарға зейнетақы алуға құжаттарын тапсырған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: