Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды
Сурет: pixabay
Ақтөбеде сәбиін тастап кеткен әйел табылды. Оның мұнан өзге екі баласы бар болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 желтоқсанда сағат 22:05-те полицияға Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript