Қызылорда полицейлері көлік жүксалғышынан атылған киікті тапты
Сурет: polisia.kz
Қызылорда полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері "Киік" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Жезқазған-Қызылорда тасжолының бойында күдік тудырған автокөлікті байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Лада" маркалы автокөлікті тексеру барысында көліктің жүксалғышынан атылған киіктің өлі денесі табылды.
"Ұсталған көлік жүргізушісі облыстың 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілді". Polisia.kz
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript