"130 мың теңгеге жаңа жылдық шырша". Ақмола тұрғыны интернетте алданып қалды
Сурет: polisia.kz
16 желтоқсанда Көкшетау полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан интернет-алаяқтық туралы арыз түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz хабарлауынша, әйел бір күн бұрын Instagram-да жаңа жылдық шыршаларды сатамын деген азамат 130 мың теңгесін "алаяқтық жолмен" алғанын айтқан.
Осындай тағы бір факті 16 желтоқсанда жергілікті тұрғынның өтініші бойынша Целиноград ауданында тіркелді.
Жәбірленуші Астанада пәтерді жалға беремін деп бейтаныс ер адам 130 мың теңгесін иемденгенін хабарлады. Өтініш берушінің айғақтары бойынша ауызша жалға алу шартын жасағаннан кейін төлемді банк картасына аударған.
Екі факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Қылмыс жасауға қатысы бар адамдар анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript