Қызылорда облысында 9 жыл бұрын аққуды өлтірген азамат ұсталды
Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында аққуды ұстап, оны өлтірген аудан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 22 желтоқсанда жылы әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысының полиция департаментімен жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштік каналының жағасында болғаны анықталды.
"Оқиға осы күнге дейін полиция департаменті бойынша тіркелмеген. 22.12.2022 жылы жарияланған бейнежазба Қызылорда облысы, Сырдария ауданы полиция бөлімімен "Ақпаратты есепке алу кітабына" тіркелді". Polisia.kz
Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, түпкілікті шешім шығарылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript