Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
Сурет: polisia.kz
Оқиға 24 желтоқсан күні сағат 18:00 уақыт шамасында Самара-Шымкент тас жолындағы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылы тұсында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz хабарына қарағанда, 44 жастағы жүргізуші "Вольво" маркалы жүк көлігін басқара отырып рөлге ие бола алмай қарама-қарсы бағыттағы 39 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматының басқаруындағы DAV маркалы жүк көлігімен соқтығысты.
Сурет: polisia.kz
Жол апаты салдарынан 44 жастағы "Вольво" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.
Cурет: polisia.kz
Сонымен бірге оның 24 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақатымен аурухана жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сурет: polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript