Павлодарда екі аялдаманы бүлдірген азаматтар жазаланды
Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде полицейлер екі бейнежазбаға назар аударды. Онда жүргізушілер облыс орталығындағы автобус аялдамаларына зақым келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында анықталғандай, 2022 жылғы 26 желтоқсанда сағат 10:45 шамасында Павлодарда Академия Сәтбаев көшесі, 253/1 үйге қарама-қарсы келе жатқан маршруттық автобус аялдамаға соғылған. Сол күні сағат 13:16-да Малайсары батыр көшесімен келе жатқан "Мазда" маркалы автокөліктің жүргізушісі "Гранта" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққыдан "Мазда" автокөлігі автобус аялдамасына келіп соғылған.
"Екі жүргізуші де анықталды. Әрқайсына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді. Сонымен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына материалдық залалды өтеу және зақымдалған автобус аялдамаларын қалпына келтіру үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript