Алматыдағы мешітте екі ер адам намаз уақытында ұрлық жасап жүрген
Сурет: polisia.kz
Алматының Бостандық ауданының полицейлері мешітте жасалған жеті ұрлықты анықтады. Бұл іс бойынша 29 және 34 жастағы екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, К.есімді азаматтың 5 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденген, ал Е.есімді азамат заңсыз әрекеттің екі дерегін жасаған.
Екі айыпталушы да қаладағы ірі мешіттерінің бірінде бірнеше ұрлық жасаған. Зардап шеккендердің айтуынша, олар намаз кезінде смартфонын еденге қойған. Намаздан кейін олар смартфонын жоғалтқанын байқаған.
"Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкінді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа да аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексерудеміз. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript