Ақтөбе облысында бухгалтер алаяққа 25 млн теңге аударған
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының 58 жастағы мемлекеттік мекеменің бухгалтеріне белгісіз біреу хабарласып, оған 3 миллион теңге несие мақұлданғанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейін белгісіз адам әйелге несиені криптовалютасына салуды ұсынған. Әйелге "криптоволютаға инвестиция салу" ұнағаны соншалық, әйел барлық жиналған 25 миллион теңгесін алаяққа аударып жіберген.
Полиция департаменті осындай қоңыраулар түскен кезде дүрбелеңге түспеуді еске салады.
"Бейтаныс адаммен сөйлесуді тоқтатып, банкке хабарласыңыз. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері клиенттерге мұндай сұрақтармен ешқашан қоңырау шалмайды. Сонымен бірге ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға үшінші тарап шоттарына ақша аударуға болмайды", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ПД.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript