Қазақстан мен Украина полициясы алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топты анықтады
Cурет: polisia.kz
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері Украина полициясының киберқылмысқа қарсы күрес департаментімен арнайы операция жасап, Қазақстан азаматтарына қатысты алаяқтық жасаумен айналысатын трансұлттық қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 43 дана компьютерлік техника, 24 ұялы телефон, Ұлттық банктің және екінші деңгейдегі банктердің логотиптері тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар алынған техника бөгде адамдардың олардағы ақпаратқа қол жеткізуін шектеу үшін арнайы шифрлау бағдарламасымен қорғалған.
"Қазіргі уақытта украиналық әріптестер компьютерлерде, оның ішінде алаяқтардың қолынан зардап шеккен азаматтарға қатысты мәліметтерді анықтау және алу бойынша техникалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Ақпарат келіп түсуіне қарай тергеу бөлімшелері оны тексеруге, жәбірленушілерді анықтауға және қажетті тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге шаралар қабылдайды. Осы мәселе бойынша қосымша консультациялар алу үшін азаматтар +7-7172-714278, +7-7172-722626 телефондары арқылы жүгіне алады", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript