Жезқазғандық полицейлер ер адамды суицидтен аман алып қалды
Сурет: pixabay
Жезқазғандық полицейлер ер адамды суицидтен аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында қала тұрғынынан Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің балконында ер адам қатты айғайлап, көршілерінің ұйықтауына кедергі келтіріп жатқаны туралы хабарлама түскен. Жезқазған полиция қызметкерлері мұны естіген соң оқиға орнына барған.
Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде белгісіз ер адамның балконнан секірмек болғанын байқады. Тәртіп сақшылары – Берік Амралинов пен Тоқтар Мұханбетжан азаматты тез арада балконнан шығарып, аман алып қалды.
"Белгілі болғандай, пәтерде ешкім болмады. Үйге кіру үшін есікті сындыруға тура келді. Үйге кірген кезде балконда асылып тұрған ер адамды көрдік. Егер біз сәл кешіксек, ол секіріп кетер еді. Біз уақытында жеттік", - дейді полицейлер.
Ер адам Жезқазған полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript