Омбы-Майқапшағай тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам мерт болды
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Абай облысында Омбы-Майқапшағай тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылы 6 қаңтарда сағат 14:00 шамасында Омбы-Майқапшағай тас жолында Қанөнер ауылы маңында "ВАЗ-2114" көлігінің 32 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың қарама қарсы бетіне шығып өзге көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript