Қызылордада лаунж-бардың біріндегі жанжал атыспен аяқталды
Cурет: polisia.kz
10 қаңтарда сағат 01:30-да Қызылордадағы лаунж-бардың бірінде екі тұрғын арасында жанжал болған. Оның бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Cурет: polisia.kz
Қызылорда полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Асылбек Бексейітовтің сөзінше, кезекші қызметкерлер күдіктіні, бұрын сотталған 24 жастағы азаматты ұстаған. Дәлелдер алынған.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр".Асылбек Бексейітов
Cурет: polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript