Түркістан облысында күйеуінен таяқ жеген әйел жансақтау бөліміне түсті
Сурет: Zakon.kz
Полиция Сауран ауданында күйеуімен арадағы жанжал кезінде әйелдің басынан қатты зақым алғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-тергеу тобы анықтағандай, Сауран ауданында тұратын ерлі-зайыптылар арасында қызғаныштан жанжал туындап, салдарынан күйеуі әйелінің бас аймағына зақым келтірген.
Аталған жайт 11 қаңтарда Сауран АПБ-ға ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тіркелді.
Жан-жақты жүргізілген тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қайта сараланған. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Сауран ауданының полицейлері дәл сол күні күдіктіні ұстап, қамауға алды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жарақат алған әйел аурухананың жансақтау бөлімінде.
Жалпы бұған дейін жәбірленуші полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша арыз түсірмеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript