Алматыда қыз баланы ұрып-соққан қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды
Сурет: polisia.kz
Екі оқиға Алматының Алатау ауданында болған. Онда қаладағы колледждердің бірінде оқитын кәмелетке толмаған студенттер қатысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Бірінші жағдайда оқиғаның 15 жастағы қатысушылары видеоның 2022 жылдың ақпанында түсірілгенін хабарлады. Олар өз кінәларын толық мойындады", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.
Қыздардың аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127, 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
2023 жылғы жылдың 4 қаңтарда "Ұлжан" ықшамауданында қыздың денесіне зақым келтірген тағы үш қыздың ата-анасына да осындай шаралар қолданылды.
"Төбелеске қатысушылар тіркеуге алынып, ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады", - деді Талғат Беркінбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript