Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы "Қайрат" шағын ауданы тұрғындарын жылусыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыдағы "Қайрат" шағын ауданы тұрғындарын газсыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2023 23:48 Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүтін бір ықшамауданды жылусыз қалдырған жүргізуші іздестіріліп жатыр. Ауыр жүк көлігін тізгіндеген ер адам газ құбырын қиратып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зақымдалған құбырдың кесірінен қақаған қыста 50-ден астам баспана бір түнді жылусыз өткізді.

"Аталған дерек Түрксіб ауданық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергеліп жатыр. Жергілікті полиция басқармасына қарасты іздестіру бөлімінің қызметкерлері осы жол көлігі оқиғасын жасаған және оқиға болған жерден бой тасалаған автокөлік жүргізушісін іздеуде. Ол міндетті түрде табылып, жауапкершілікке тартылатын болады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек КТК телеарнасына.

Ауыр жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші кеше түске таман құбырға соғылып, артындағы қоршауды құлатып кеткен. Сөйтіп оқиға орнынан кетіп қалған. Ал құбырдың майысқан жері қоқыспен бітеліп қалған соң айналадағы үйлерге газ әрең жетіп отырған. Қысымның аздығынан пештері сөніп қалыпты. Осылайша, "Қайрат" ықшам ауданындағы 200-ге жуық үй жылусыз қалды. Тұрғындардың шағымыман кейін 135 үйге ғана газ берілген, ал қалған 52 отбасы бір түнді жылусыз өткізді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: