Полиция қызметтік иттер Қазақстанға келетін сәлемдемені қалай тексеретінін көрсетті
Сурет: видео скрині
Полиция қызметтік иттер Қазақстанға келетін сәлемдемені қалай тексеретінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызметтік иттер күн сайын Қазақстанға келетін және одан тыс жерге жіберілетін сәлемдемелерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді.
"Қазпошта" АҚ Атыраудағы филиалында инспектор-кинологпен бірлесіп, Хан есімді қызметтік ит сәлемдемелерді тексерумен айналысты.
"18 қаңтарда Хан "Қазпошта" АҚ филиалынан күдікті заттарды таппады. Бұл бағыттағы жұмыстар күн сайын жүргізіледі", - деп хабарлады Polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript