БҚО-да ішімдік ішкен екі азамат жанжалдасып, соңы өліммен аяқталды
Cурет: polisia.kz
БҚО-да ішімдік ішкен екі азамат жанжалдасып, соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылында 45 жастағы Д. есімді азамат 35 жастағы Ж.есімді азаматты үйіне шақырып, спирттік ішімдік ішкен.
Кейін олардың арасында жанжал шығып, азамат Д. досына дене жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Сурет: polisia.kz
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен "Адам өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сурет: polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript