Көлікті заңдастыру тәртібін түсіндіру кезінде дауыс көтерген полицейге ескерту жасалды
Сурет: Zakon.kz
Желіде Мамандандырылған ХҚКО-ға келушілердің бірі полиция қызметкеріне Армениядан әкелінген "Лексус" көлігін заңдастыруға байланысты сұрақтар қойғаны жайлы видео пайда болды. Полицей дауысын қатты шығарып, қолын сермеп тұрып ережелерді егжей-тегжей түсіндіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкері ер адамға көлікті заңдастыру үшін автокөлікті басқа мемлекеттің есебінен шығару қажеттігін бірнеше рет егжей-тегжейлі түсіндіреді. Ол қатты-қатты сөйлеп, оны тиісті бұйрықтар мен құжаттармен таныстырады.
"Полиция қызметкерімен арада азаматтармен қарым-қатынас кезінде әдеп пен мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Түркістан облысы полиция департаментіндегілер.
Видеодағы оқиға 24 қаңтарда Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болған.
2023 жылы 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript