Алматыда көлік апатынан 17 жастағы қыз мерт болды
Сурет: видео скрині
26 қаңтарда түнде Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында №13 әскери қалашық маңында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
BMW көлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан. Шамасы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік сырғанап, ағашқа соғылды. Содан кейін инерциямен шам бағанасына соқтығысты. 2004 жылы туған жүргізуші ауыр жарақат алды. Оны жедел жәрдем бригадасы 4-қалалық аурханаға жеткізді. Ал 17 жастағы жолаушы алған жарақаты салдарынан оқиға болған жерде мерт болды". Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
Бұл деректі тергеумен Алматы полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript