Ақтөбеде жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып, әйелді мерт қылды
Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.
Cурет: polisia.kz
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медицина мекемесіне жатқызылды.
Сурет: polisia.kz
Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript