Астанада екі айлық сәбиін ұрып-соққан ер кісі 6,5 жылға сотталды
Сурет: pixabay
Астана тұрғыны екі айлық қызын ұрғаны үшін 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам 2023 жылғы 2 шілдеде мас күйінде екі айлық қызын ұрып-соғып, қасақана дене жарақаттарын салған.
Оның кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудегі кінәсі сотталушының өзінің айғақтарымен, жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен толық дәлелденді.
"Х. өз әрекетімен күтімі ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін екі айлық баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Сәби ұзақ уақыт бойы білікті медициналық көмексіз, азаптау әрекетін бастан кешірді", - деді сот.
Бұған қоса, ер адамның созылмалы алкоголизмнен емдеуді қажет ететіні анықталды. Бұған дейін ол бірнеше рет, соның ішінде әйелін ұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.
Бұл ретте апелляциялық сатыда сотталушының әйелі соттан оған тағайындалған жазаны жеңілдетіп, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда судья оның уәжін тыңдамай, үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript