Түркістандық полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды
Сурет: polisia.kz
Түркістандық полицей басын қатерге тіге отырып, суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство атап өткендей, түнгі уақытта Сауран ауданындағы Шаға ауылында учаскелік полиция инспекторы Абай Байжұман ер азаматтың суға түсіп кеткенін байқайды.
"Бірден көлікті тоқтатып, үстіндегі нысанды киімімен суға сүңгіп кетеді. Ағын судың ортасынан ер азаматты ұстап, алып шығады. Ер азамат дереу емханаға жеткізілді". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2 күн ішінде Түркістан облысының полицейлері арнайы мамандармен бірге 200-ден астам адамды эвакуациялап, қауіпсіз жерге алып шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript