Ақтөбе облысында жол бойында тоқтатылған көліктен ұрланған бак пен шина табылды
Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысында жол бойында тоқтатылған көліктен ұрланған заттар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
5 ақпан Покровка-Жаңажол авто жолының 86-шақырымында 25 жастағы жүргізуші айдап бара жатқан ГАЗель тоқтатылды. Қасында екі жолаушы болған. Тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ КамАЗ автокөлігінің кабинасы, сыйымдылығы 300 литр (бос) бак және шиналар табылды.
Полицейлер Темір ауданының Кеңқияқ кентінде орналасқан арнайы техниканы тасымалдаумен айналысатын ЖШС аумағынан осы мүліктің ұрланғанын анықтады.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript