Түркістан облысында полиция бастығының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн.теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде.
"Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны "үйқамақ" бұлтартпау шарасы санкцияланды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын атап өтті.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript