"1 200 теңгеден сатқан". Түркістан облысы тұрғынынан 400 дана трамадол табылды
Сурет: otyrar.kz
Түркістан облысы Келес ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғынның әсері күшті, сатуға тыйым салынған трамадолды заңсыз сақтағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері арнайы ақпарат көзі арқылы елді мекендердің бірінде трамадол сатады деп күдікке ілінген жергілікті тұрғынды анықтаған. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Одан 400 дана трамадол дәрілері табылып, тәркіленді. Ол дәрілерді Шымкенттегі бейтаныс біреуден алып, әрбір данасын 1 200 теңгеден сатқанын мойындады.
"Бұл жайт Келес аудандық полиция бөлімінде тіркеуге алынды. Сонымен бірге жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды".
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript