Атырау облысында екі кісі 23 бас қой ұрлаған
Сурет: polisia.kz
9 ақпанда Қызылқоға ауданының 1984 жылы туған және Мақат ауданының 1986 жылы туған тұрғындары өзара сөз байласып, өзгенің қорасындағы 23 бас қойын ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Олар қойларды бос тұрған қыстаққа жасырып, кейін 1986 ж.т. күдіктінің ВАЗ 2114 автокөлігімен өздерінің қорасына тасыған", - делінген хабарламада.
Қызылқоғалық полицейлер күдіктілерді ұстады. Қазір екеуі де ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Cурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz
Тергеу амалдары басталып кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript