Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам мерт болып, тағы біреуі зардап шекті
Cурет: instagram.com/911.aktau
Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам мерт болып, тағы біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"11 ақпанда сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11-шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылып жатқанда Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан". Ішкі істер министрлігі
Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты. Бір жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript