Алматыда Қытай азаматы қалта ұрлығы үшін ұсталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда Қытай азаматы қалта ұрлығы үшін ұсталды. Ол мұны жалғыз өзі істеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1996 жылы туған Қытай азаматы смартфон ұрлады деген күдікке ілінді. Ол адам көп жиналатын жерлерде, көше қиылыстарында, бағдаршамдарда қылмыс жасаған. Соңғы ұрлықты ол Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жасаған. Ол өтіп бара жатқан адамның қалтасынан IPhone телефонын ұрлап, сол арқылы жәбірленушіге 620 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Күдіктіні біздің бөлімше қызметкерлері мен қаланың криминалдық полициясының арнайы тобындағы әріптестері ұстады". Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Тергеушілер қазір анықталған эпизодтар бойынша дәлелдемелер базасымен жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар ұсталған азаматтың қаланың басқа да аумақтарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript