Ресей азаматы Ақтөбе облысында жалған нөмірмен көлік айдаған
Cурет: polisia.kz
15 ақпанда Қарабұлақ – Қостанай тас жолын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері РФ-ның 36 жастағы азаматы мінген Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатып, оның жалған нөмірмен жүргенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 3-бөлігі "Көлік құралына көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнату" және 590-бабы 4-бөлігі "Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Нөмірлік белгілер тәркіленді, автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша жүргізушіге айыппұл салынды, бір жыл мерзім жүргізуші құқығынан айырылды және бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript