Қызылордалық полицейлер көлік ұрысын ұстады
Cурет: Zakon.kz
17 ақпанда 31 жастағы қала тұрғыны полицияға Toyota Camry автокөлігінің ұрланғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотты болған 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript