БҚО-да 5 литрлік бөтекелерге құйылған бір тонна алкоголь өнімін тәркіледі
Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полицейлері бір тонна заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Газон жүк көлігін тоқтатып, тексеру барысында бес литрлік бөтелкелерге оралған алкоголь өнімі табылды.
Сурет: polisia.kz
Заңсыз алкоголь тасымалдағаны үшін 33 жастағы азамат ұсталды.
Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript