Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны жоғалып кетті
Polisia.kz-тің хабарлауынша, 2023 жылғы 20 ақпанда Көкшетау полиция басқармасына 48 жастағы тұрғын 2002 жылы туған ұлы Божантаев Рахман Жасланұлын іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінді.
Әкесінің айтуынша, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа келіп, 13 ақпанда кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.
Белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара.
Астанада іздеу іс-шараларын жүргізетін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы топ құрылды. Жоғалған адамды іздеуге волонтерлер де қосылған.
Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына нөмірлерге хабарлай алады: 8 778 645 3579, 8 702 877 9255, 8 (7162) 257 805 немесе 102.