Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында таксист пышақтап өлтірген әкімдік қызметкерінің артында екі қызы қалды

кісі өлімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2023 01:07 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде облыс әкімдігінің 47 жастағы қызметкерінің өлімі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет басқармасының бас маманы Жанна Мұратәлиева алдыңғы бейсенбіде жұмысқа барып, оралмаған. Ал сенбіде оның денесі көліктің жүксалғышынан табылды. Күдікті көше камераларының арқасында табылған, деп хабарлайды КТК.

"Көлігінде пышақпен жарақаттаған зорлық белгілері бар. Жоғалған әйелдің мәйіті табылды. ҚР Қылыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру"  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды".Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов

Марқұмның ріптестерінің айтуынша, әйелді адам танымастай етіп аяусыз ұрып-соғып, пышақтапты. Күдікті мен құрбан таныс болуы мүмкін деген нұсқа бар. Тергеу мүддесі үшін полиция ешқандай мәлімет бермейді. 

Жанна Мұратқәлиеваның 16 және 17 жастағы екі кәмелетке толмаған қызы қалды. Екеуі де студент. Жақында марқұм әйел облыс әкімдігіне ауысып, Бадамша ауылынан көшіп келген екен.

"Жанна Дәулетқызымен жарты жылға жуық жұмыс істеп үлгердік. Ол өте жауапты, ұқыпты қызметкер болды. Ауыр қаза. Кеше ұжыммен қыздарына көңіл айтып бардық". Ақтөбе облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Тұрсынгүл Бисаутова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: