Ұлытау облысының екі тұрғыны пәтерге балкон есігінен кіріп, бағалы заттарды ұрлаған
17 ақпанда Ұлытау облысы Жезқазған полиция басқармасына 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол бейтаныс біреу пәтеріне кіріп, бағалы заттарды - екі фотоаппарат, қораптағы гитараны ұрлап кеткенін айтты.
Келтірілген шығын 600 мың теңгеден асқан. Ұры пәтерге балконның пластикалық есігін ашып кірген.
19 ақпанда Жезқазған полициясына тағы бір жәбірленуші жүгінген. Ол жерден құндыз тон, былғары күрте және әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын - 3,6 млн теңге.
Полицейлер күдіктілерді ұстады. Олар Сәтбаев қаласының 35 және 38 жастағы екі тұрғыны болып шықты.
ҚР Қылмыстық кодесінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.