Ұлытау облысында колледжге кетіп, жоғалған жасөспірім табылды
Сурет: видео скрині
Ұлытау облысының полицейлері жоғалып кеткен жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1 наурыз күні Жезқазған полиция басқармасы кезекші бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Оның жасөспірім қызы сағат 08:00-де үйден колледжге кетіп, оралмаған.
Өз күшімен іздеу нәтиже бермеген. Қызды іздеу үшін барлық полиция қызметкері дабыл бойынша көтерілді. Сипаттамалары бар нұсқаулықтар дереу жіберіліп, жастар жиналатын барлық орын тексерілді.
Ал бір жарым сағаттан кейін полицейлер жасөспірімді тапты. Профилактикалық әңгімелесуден кейін жасөспірім ата-анасына оралды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript