Жаңалықтар тізбегі
0

Сайлау туралы заңнаманы бұзудың 18 фактісі анықталды – Бас прокуратура

Заңбұзушылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2023 20:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау жөніндегі қызмет басқармасының бастығы Азамат Сарғазин телекөпір барысында сайлау күні орын алған заңбұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі жағдайда 18 тұлғаның тарапынан "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның талаптары бұзылу фактілері расталды. Олардың 12-сі, бұдан бұрын айтылғандай, азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн берумен байланысты. Олардың бесеуі Алматы облысында, үшеуі Солтүстік Қазақстан облысында, біреуі Жетісу облысында және Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында бір-бірден". Азамат Сарғазин


Оның айтуынша, бұл құқықбұзушылықтар бойынша кінәлі деп танылған сайлау комиссиясының мүшелері Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. 

5 факт басқа сайлаушы үшiн дауыс берумен ұштасқан. Олар бойынша тең сайлау құқығы туралы талапты бұзған азаматтардың жауаптылығы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 108-бабы бойынша шешілуде.

Тағы 2 факт – тыйым салынған кезеңде, яғни бүгін сайлау алдындағы үгіттің жүргізілуі.

"Бұл әрекеттер ӘҚБтК-нің 102-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Үгіт жүргізу фактілерінің бірі, тыйым салу кезеңінде БҚО-да орын алды. Атап айтқанда, Теректі ауданындағы музыка мектебі директорының орынбасары WhatsApp мессенджерінің топтық чатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бірі А. Құспан мен аудандық мәслихат кандидатына дауыс беру туралы хабарлама жолдаған". Азамат Серғазин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: