Жаңалықтар тізбегі
0

"Қордай" өткізу бекетін қайта құру жұмыстары күзде басталады

infojd.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2019 22:32 infojd.ru
Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Қарасу» өткізу бекетіндегі көпірді түбегейлі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетерінің инфрақұрылымы 20 жыл бұрын салынғандықтан, бүгінгі жолаушылар мен жүк легіне сай келмейді. Сондықтан жаңартуды қажет етеді, деп хабарлайды Zakon.kz. тілшісі.

Депутаттар Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтірінің Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекараларындағы режимді ратификациялау келісімін өзара талқылау барысында, шекара бекеттеріндегі азаматтар мен жүк өткізу мәселелерін көтерді.

"Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері шекарадан өту сегіз есеге артқан. Сәйкесінше, осыдан 20 жыл бұрын тұрғызылған инфрақұрылым, қазіргі жолаушылар мен жүк легіне сай емес.Əзірше, бірқатар қиыншылықтар бар, бірақ соңғы екі жылда жолаушылар легі азайып келеді. Бүгінгі күні, ішкі қорларымыз арқылы Шекара қызметінің күш-құралдарымен өзіміздің азаматтардың өтуіне жағдай жасаудамыз",- деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынабасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.

Сондай-ақ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Роман Скляр мемлекеттік шекарадағы бірқатар өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны туралы хабарлады.

"Біздің және қырғызстандық министрліктің арасында «Сарытөбе» мен «Аухатты» өткізу бекеттерін екі жақтылықтан көп жақтылыққа өткізу туралы келісімге қол қойылды. Ағымдағы жылы "Қарасу" өткізу бекетіндегі көпірді түбегейлі жөндеу жұмыстары басталып, қырғыз серіктестермен 50-50 етіп қаржыландырылатын болады. Сонымен қатар, біз былтырғы жылы Шекара қызметінен «Қордай» өткізу бекетін қабылдап алдық. Биыл жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды аяқтаймыз. Ол шамамен шілдеде дайын болып, күзде туристік кезең аяқталған соң, қайта құру жұмыстарын бастаймыз.", - деп ойын түйді Роман Скляр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: