Қаш! Айсұлтан Сейітов алғашқы фильмінің шет жағасын көрсетті
Режиссер және клипмейкер Айсұлтан Сейітов "ҚАШ" дебюттік толықметражды фильмінің постерін көрсетіп, көрерменді алаңдатып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл Қазақстанда түсірілген картина қазақ тілінде көрерменге жол тартпақ.
Сейітов пен оның Qara деп аталатын студиясы түсіру жұмыстарына бір жылдай дайындалған. Фильмнің сценарийін Албай Нұрманбетов жазыпты. Алайда туындының сюжеттік желісі жайлы режиссер тіс жармай отыр.
@aisultan
24 жастағы Айсұлтан Сейітов 21 Savage, J. Cole және Offset үшін әнбаяндар түсіріп, осы жылдың жазында Канье Уэст Donda альбомын "Мерседес-Бенц аренада" трансляция жасаған еді. Сонымен қатар Сейітов Ресейлік Иван Дорн, Скриптонит, T-Fest секілді шоу-бизнес өкілдерімен шығармашылық байланыста.