Елордалық жүргізуші жол ережесін 555 рет бұзған
elorda.info
Өрескел жүргізуші енді 6 млн теңгеден астам айыппұл төлейді.
Астана жолдарында жүрген 30 жүргізушінің айыппұлы миллиондаған теңгені құрады. Оларды полиция іздеуде, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық "Рубеж" бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда.
Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript