Жаңалықтар тізбегі
0

"Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесiнiң таныстырылымы өттi

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 22:22 Zakon.kz
Жиында аталған жобаның атқаратын негізгі қызметімен Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев таныстырып өтті.

Бүгін Түркістан қаласы облыс әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік Департаментінің ұйымдастыруымен "Түркістан – адалдық алаңы" атты жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті.

Аталмыш жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ орталық органдардың аумақтық департамент басшылары мен облыстық басқарма басшылары, облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы және кеңселік жоба қызметшілері қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 22:22

Жобаның негізгі мақсаты – Түркістан облысында қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және қоғам арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру. Шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев, облыс әкімінің орынбасы Мәлік Отарбаев, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Ерлан Мұстафа баяндама жасады.

Жиында аталған жобаның атқаратын негізгі қызметімен Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев таныстырып өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 22:22

"Жобаны жүзеге асыру барысында келесі салаларды қамту көзделіп отыр. Мәселен, тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Аталған салалар бойынша "білім", "денсаулық сақтау", "халықты әлеуметтік қолдау", "сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары", "мемлекеттік кірістер органдары", "сот және құқық қорғау органдары", "бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі" тәрізді бағыттар қамтылады. Сонымен қатар, жоба барысында талдау немесе жетілдіру объектісі болатын мемлекеттік мекемелерге және де, қоғам өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық, зерделік жұмыстар жүргізу көзделіп отыр", – деді Ғ.Тұрсынбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2019 22:22

Бұдан өзге, жоба аясында алдағы уақытта атқарылатын қызметтердің жұмыс барысы талқыланды. Жиынға төрағалық еткен өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы барлық басқармалар мемлекеттік қызметті көрсетуде азаматтарға қолайлы жағдай жасау керектігін тапсырды. Сонымен қоса, ашықтық пен мемлекеттік қызметкерлердің әдебін көтеру керектігін айтты.

Аталған жобаны биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асыру көзделуде. Өз кезегінде, жобалық кеңсенің жұмыс атқару мерзімі Агенттік төрағасы мен облыс әкімінің бірлескен шешіміне сәйкес ұзартылуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: