Еліміздегі көпбалалы аналар мәселереді қалай шешіледі
Астанадағы өртте қаза болған бес қыздың трагедиясы көпшіліктің жанына батты. Бес баласын асырау үшін түнде де жұмысқа шығуға мәжбүр болған ерлі-зайыптылар бір түнде өмірлерінің мәнінен айырылды.
Бұл оқиғаның жаңғырығы тіпті көпбалалы аналардың митингке шығып, билік өкілдеріне талап қоюына ұласты. Осы ретте еліміздегі көпбалалы аналарға көрсетілетін көмек түрлері қандай? Мұнан басқа, Астана оқиғасынан соң осындай үлкен резонанс тууының себептеріне де үңіліп көрген абзал. Себебі жыл сайын өрт салдарынан ондаған отбасылар опат болып жатады. Мұның барлығына кімді кінәлаймыз?
Ашынған аналардың талабы қаншалықты орындалады? Осы сенбіде "Басты бағдарлама" тілшілері қоғамды дүр сілкіндірген жағдай мен әлеуметтік түйткіл төңірегінде зерттеу жүргізбек!
Сенбі күні сағат 21:00-де Еуразия бірінші арнасы қосулы болсын!