26 мамыр күні елордадағы автожолдардың кейбір бөліктерінде қозғалыс тоқтатылады
BI Marathon – BI Group компаниясы ұйымдастыратын жыл сайынғы әуесқой жүгіріс.
Төрт жыл көлемінде компания спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап келеді. BI Marathon корпоративті деңгейден халықаралық дәрежедегі марафондардың қатарына қосылды. Биылғы жылы марафон трассасы халықаралық сертификациядан өтіп, әлемдік марафондардың классификациясына енді. Көптеген ірі халықаралық іс-шаралар өткен елордамыздағы марафонға осы жолы әлемнің 26 елінен 7500 спортшы және 3000 адам қонақ ретінде қатысады деп күтілуде.
IV қайырымдылық BI Marathon 2019 жылдың 26 мамырында, 7:00-де басталады. Ал 25 мамырда Триатлон саябағында балалар арасында өтетін сайысқа (2 км және 5 км) 800 бүлдіршіндер мен жеткіншектер қатыспақ.
Сөре пакетін тарату "Сарыарқа" СОО-да 24, 25 мамыр күндері, 10.00-ден 20.00-ге дейін, балаларға арналған сөре пакеттерін тарату Триатлон саябағында 25 мамырда 10.00 мен 20.00 аралығында өтеді.
Балалар арасындағы жарыс пен негізгі марафон кезінде арнайы ойын-сауық бағдарлама болады, ал 26 мамырда қатысушыларды музыканттар қолдайтын болады.
BI Marathon 2019 өткізілген уақытта автокөлік жолдарының кейбір бөліктерінде қозғалыс тоқтатылатын болады:
04:00 - 11:00 – Б. Момышұлы даңғылы бойынша, Тоқпанов көшесінен Сарайшық көшесіне дейін – жолдың 2 жолағы,
04:00 - 11:30 – Сарайшық көшесі бойынша, Б. Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейін – жолдың 2 жолағы ,
04:00 - 13:00 – Марал көпірі – жолдың 2 жолағы,
04:00 - 08:30 – Амман көшесі бойынша, Шарль де Голль көшесінен Г. Алиев көшесіне дейін жолдың жартысы,
04:00 - 12:00 – Тұран даңғылы бойынша, Сарайшық көшесінен Тұлпар көпіріне дейін (Орталық саябаққа бұрылыс).
Қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік іс-шараға келіп, BI Marathon қатысушыларына қолдау көрсетуге шақырамыз!