Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО әкімі Семейдегі тарихи ескерткіштерді сақтау бағдарламасын құруды тапсырды

Семей қаласының ақпараттық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2019 21:19 Семей қаласының ақпараттық орталығы
Қалада өзінің тарихи ерекшелігі болуы қажет.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар мәдени нысандарды аралады. Ф.Достоевский мұражайында болған өңір басшысы тарихи ғимараттың аумағын аралап, "Прииртышье" өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасановпен әңгімелесті.

- Семей - ерекше қала, - деді Д. Ахметов. - Қалада өзінің тарихи ерекшелігі болуы қажет. Мемлекет пен мемлекетке тиесілі нысандар бойынша тексеру жүргізу керек. Жеке меншік секторға әзірге тиіспейміз. Біз Семейді абаттандыру кезеңінен өттік, енді мен тарихи ғимараттарға бет бұрып, ескерткіштерді сақтау жөнінде бағдарлама енгіздім. Бізге жаңа заманмен қатар өткен жүзжылдықтан естелік болатындай нысандар қажет. , - деп қорытты облыс әкімі.

Д. Ахметов сондай-ақ Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында болып, дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің жұмысымен танысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: