Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының 150 құрылысшысы Арыстағы 35 үйді жөндеуде

UVP baq, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2019 23:15 UVP baq
Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ.

Жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік шараларды атқару бойынша қызу жұмыстар жүргізуде.

Бұған дейін айтылғандай қала аумағы 17 секторға бөлінген десек, 3-секторға қарасты 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысына жүктелген болатын. Бұдан бөлек бұл бөліністе тағы 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар анықталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2019 23:15, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2019 23:15, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2019 23:15

Бүгінде облысқа тиесілі аумақтағы 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйдің барлығы толығымен зерделеніп аяқталды. Нәтиежесінде қираған 3 үйдің екеуіне толық, біреуіне жартылай қалпына келтіру шаралары атқарылатын болды.

Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ.

Айта кетейік, қазіргі таңда жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 150 құрылысшысы Арыстағы 35 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын бастап кетті.

Сондай-ақ, 30-дан аса жамбылдық ерікті зардап шеккен арыстықтарға қол көмегін көрсетіп, аянбай тер төгуде. Одан бөлек, белсенді еріктілер мен бүлінген үйлердің тұрғындарынан жасақталған қоғамдық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері әр 10 үйге бөлініп, ауысым бойынша түрлі әлеуметтік мәселелермен айналысуда.

21 шілдеге дейін Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтап үлгереді.

Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Біржан Сөктай әлеуметтік желідегі өз парақшасында штабтың жемісті жұмысынан хабар берді.

"Арыс қаласына арнайы келіп, қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын көрген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысының штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өткен үкімет басшысы өзінің жоғары бағасын берді", - деп атап өтті Біржан Сөктай.

Айта кетейік, бұған дейін xабарлағанымыздай, Жамбыл облысына тиесілі бөліністе 11 көше бар. Онда 312 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметасын дайындау жұмыстары жүргізілді. Қираған 3 үйдің екеуі қайта тұрғызылып, біреуі толық жаңғыртылмақ. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде.

Өз кезегінде үйлері қалпына келтіріліп, қоныстарына қайта жайғасқан арыстықтардың қуанышында шек жоқ. Олар құрылысшыларға өз алғыстарын жеткізуде.

"Жамбылдықтардың Арысқа гуманитарлық көмек көрсетуі әлі де жалғасуда. Жуырда ғана Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясынан Арыстағы құрылысшылар мен жергілікті тұрғындар үшін азық-түлік жөнелтілді. Демеушілердің есебінен жіберілген азық-түліктің ішінде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күріш, сиыр еті, ауызсу, макарон, сұйық май, алма, шұжық және 16 тонна ұн бар", - дейді Біржан Сөктай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: