БҚО әкімі "Батыс су арнасына" барып қайтты
Өңір басшысы Ғали Есқалиев "Батыс су арнасы"ЖШС жұмысымен танысты. Сапар барысында су тазарту құрылғылары тексеріліп, су тазарту және жаңа су тазарту құрылғының құрылысына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Оған қоса, кәріз-тазарту құрылысындағы жөндеу жұмыстарының орындалуын тексерді. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан өңір басшысы қала әкімдігі, қоғамдық өкіл В. Мұқатаев, коммуналдық қызметтің атқарушы компаниясы өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді. Кездесуде халықты қыс және жаз айларында сумен қамту мәселесі көтерілді. Ол үшін магистральдық құбырларды ауыстыру, жаңа ұңғымаларды бұрғылау және басқа да бірқатар құрылыс іс-шараларын жүргізуді талап етеді.
Өңір басшысы басқарушы компанияға және қала басшылығына осы жұмыстарды атқаруды тапсырды. Облыс әкімі атап өткендей, жұмыстарды қыс басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Отырыста екінші қаралған мәселе жыл сайын өсіп келе жатқан қаланың дамуын ескере отырып, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болды. Ағымдағы су көлемі халықтың қажеттілігін өтемейді.
Осы орайда "Батыс су арнасы" ЖШС-не бюджет үшін ең аз қаржы шығындарымен сумен қамтамасыз ету жөнінде тиісті ұсыныс әзірлеу тапсырылды. Үшінші мәселе суды үнемдеу жобасына арналды. Өңір басшысы басқарушы компания басшылығының назарын су үнемдеу бағдарламасын ұсынуға, ауыз суды коммерциялық мақсатта (бау-бақшаларды суару, көлік, басқа да құралдарды жуу және т. б.) пайдаланып жатқандығы абоненттер үшін дифференциалды тариф енгізуге, су есептегіш құралдармен қамтамасыз етуге аударды.