Жаңалықтар тізбегі
0

Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысып халықпен кездесті

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2019 22:05 пресс-служба
Айта кетерлігі апат орын алған күннен бастап арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созған еді.

Аймақ басшысы облысқа тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындарымен кездесті. Асқар Исабекұлы аталмыш бөліністегі арыстықтардың пікірлері мен ой-ұсыныстарына құлақ түріп, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін тапсырды. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлері жұдырықтай жұмыла кіріскен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде десек, оның ішінде жамбылдық құрылысшылардың да белсенді еңбегін елеп айтуға болады. Облысқа тиесілі 3-сектордағы 50 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарының толығымен аяқталғаны соның айғағы. Пайдалануға берілген бұл үйлерге қайта қоныстанған арыстық тұрғындар әулиеаталықтарға дән риза.

Қазіргі таңда 3-сектор аумағындағы қалпына келтіру шараларына жамбылдық 4 құрылыс компаниясының 450-ден аса құрылысшысы мен 21 теxникасы жұмылдырылған. Олар 242 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2019 22:05

Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үйлермен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Айта кету керек, Жамбыл облысына қарасты бұл бөлініс қаладағы жарылыс орын алған аумаққа ең таяу орналасқандықтан, апат кезінде ондағы үйлер мен нысандардың 90 пайыздан астамы бүлінген. Бүгінде зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстары жасалды. Қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатын болады. Қалған 309 үйге әртүрлі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылуда.

Жуырда Арыс қаласына арнайы келген ҚР Премьер-Министр Асқар Мамин мен оның орынбасары Жеңіс Қасымбеков та өз кезегінде облыс штабының жұмыстарына оң бағасын берген болатын. Бұл да болса игі іске жұдырықтай жұмыла кіріскен жамбылдықтардың біріге атқарып жатқан істерінің жемісі десек қателеспейміз.

Айта кетерлігі апат орын алған күннен бастап арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созған еді. "Көрші ақысы–Тәңір ақысы" деген тәмсілге терең бойлаған әулеиеаталықтар ә дегеннен-ақ жарылыстан жапа шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтіп, демеу болуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2019 22:05

Атап айтар болсақ, зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету бойынша "Арыс. Біз біргеміз!" республикалық акциясы аясында Тараз қаласында 4 қабылдау пункті ашылды. Нұр Отан партиясының облыстық және аудандық филиалдарындағы арнайы пункттерде жиналған көмек материалдары, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі заттар Арысқа жеткізілді. Бүгінге дейін барлығы 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнелтілген. Ол ғана емес, тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2,2 миллион теңгеге қажетті дәрі-дәрмегімен қамтылған арнайы жасақталған 4 реанимобильмен 8 фельдшер Арыс қаласына жіберілген. Қазіргі таңда "Әулие Ата – Демеу" қайырымдылық қорына бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қаржылар аударылуда. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты облыс тарапынан көрсетілетін гуманитарлық көмек әлі де жалғасуда.

Бүгінде Арыс қаласының 323 баласы Жамбыл облысындағы жазғы сауықтыру Тау самалы, Жұрындысай, Жұлдыз сынды лагерлерінде демалуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: