Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Жамбыл облысынан 2,5 тонна ет экспортталады деп жоспарлануда

vesti.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2019 20:43 vesti.ru
Қазіргі таңда етке деген сұраныс жоғары болғандықтан, әсіресе қой шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың саны артты.

Жамбыл облысында етті экспортқа шығару жұмыстары қолға алынды. Мәселен, былтырғы бір жылдың ішінде ет өндірісі – 4,1%-ға, сүт өндірісі – 2,8 %-ға артты. Бұл туралы "ZhambylNews" Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ағымдағы жылы жалпы саны 2 500 тонна, оның 1000 тонна сиыр еті мен 1500 тонна қой етін экспорттау жоспарланған. Меркі ет комбинаты бір жылда 213 тонна ет экспорттаса, оның 178 тоннасы Иранға, 35 тоннасы Бахрейнге жөнелтілген.

Қазіргі таңда етке деген сұраныс жоғары болғандықтан, әсіресе қой шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың саны артты. Мәселен, Талас ауданындағы "Дулат" шаруа қожалығы бүгінде осы бағыттағы жұмыстармен айналысады. Өзінің қолда бар азғантай малын көбейтуге кіріскен еңбеккер "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы мемлекеттен несие алған.

- Ауыл шаруашалығына қазіргі таңда мемлекетіміз жақсы қолдау көрсетуде. Субсидия мен құдық қазып берді. Сонымен бірге, техникалық трактор алдық. Мал басын көбейтеміз деп мемлекеттен кредит алдық. Бүгінгі таңда мал басын көбейту үстіндеміз, дейді "Дулат" Шаруа қожалығының жетекшісі Тахфир Ғайсин

Жалпы, Талас ауданында биылғы жылы да мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2000 бас қой мен ірі қара, жылқы малын алу көзделіп отыр. Ол өңірде ет экспортын арттыру бағытындағы жұмыстарды алға бастырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: