"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Таразда үйлер пайдалануға берілді
Бүгін Тараз қаласының №15 шағын ауданында ҚР Конституциясы күні мерекесі қарсаңында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 80 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үй салтанатты түрде ел игілігіне берілді. Тұрғын үйде 720 пәтер орналасқан, оның 200-ге жуығына банктің тиісті шешімі берілсе, 200-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр.
Пәтер кілтін табыстау салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, қуаныш иелеріне құттықтау тілегін білдірді.
Облыс басшысы Аасқар Исабекұлы өз сөзінде: "Баспана- қай уақытта да өзекті мәселе. Қала халқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын аудан орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету" деді.
Облыста "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1 988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен бірге, көп балалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдыңI жартыжылдығында көпбалалы отбасыларына120 пәтер кілті табысталды. Оның ішінде 93 пәтер арендалық үйлер есебінен болса, 27 демеушілер есебінен тұрғызылған.
Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Кезектілік келгенге дейін көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Бүгін пәтер кілтін иеленгендер қатарында әлеуметтік аз қамтылғандар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері бар.
Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын "Агроспецстрой" ЖШС, "Таразстрой 2004" ЖШС, "ЖСХИ" ЖШС, "BARAT&CO" ЖШС, "Тараз-Ісмер" ЖШС компаниялары жүргізіп, мердігер компаниялар тұрғын үйлердің сапасына кепілдік беріп отыр.
Облыс көлемінде әрбір мереке қарсаңында жаңа нысандарды пайдалануға беру, халыққа пәтер кілтін табыстау сияқты игі шаралар дәстүрге айналды.