Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері де ерекше ықыласпен қабылдады

Акорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 15:26 Акорда
Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі - мәдениет қызметкерлерін қолдау деген сөз.

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі - мәдениет қызметкерлерін қолдау деген сөз.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл жаңа тарихи оқиға.

Президент Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері де ерекше ықыласпен қабылдады. Мәдениет қызметкерлеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсету туралы тасырмасы ел руханиятының жаңа деңгейге көтерлуіне зор серпін берері анық.

Қазіргі таңда қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару ауадай қажет. Сондықтан, Жолдаудағы халықпен тиімді кері байланыс орнатудың қажеттігі өте өте тиімді.

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі - мәдениет қызметкерлерін қолдау деген сөз. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. Құлақтан кіріп бойды алар тәтті әуен мен күмбірлеген күй, әуезді әуенмен үйлесім тапқан ырғақты би, рухани байлық сыйлайтын театр, кітапхана бәрі де осы мәдениет ұғымы аясында бірігіп, елге қызмет етіп келеді. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер. Мәдениетке серпін беру шындығында да қажет.

Бұл Жолдаудың тағы бір ерекшелігі, ол қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қи-мылының осы түрі неғұрлым тиімді еке¬нін ескертіп, азаматтарды ашық диа¬лог¬қа шақыруы. Президент шешімін күтіп тұрған мәселелерді де ашық айтып, дәлел келтіре отырып сынады да. Мысалы, кейінгі 5 жылда атаулы әлеу¬мет¬тік көмекті қажет ететіндер 77 мың адамнан 1,4 млн адамға жеткендігі және оған бөлінетін қаржының да 2017 жылдан бастап 17 есе өскендігін атап өтті.

Осы тәрізді өзекті, шешімін күтіп тұр¬ған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, оларды шешудің ұтымды жолдарын да ұсынды, бұл халықтың көңілінен шыға¬ды деген ойдамын.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында "Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі. Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде "Бірлік – ақылға бірлік" дегенін білесіздер" деген болатын. Жолдаудағы осы айтылған құндылықтардың еліміздегі діни ахуал¬ға тікелей қатысы бар.

Осындайда хакім Абайдың "ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда то¬лық боласың елден бөлек" деп, адам¬ның жігерін ынталандырған сөзі де еске түседі. Еліміздегі дінаралық келісім саясаты да осы кемеңгерлік идея¬ға негіз¬дел¬ген деп санаймын. Нағыз бай¬лық адамның ақылында, санасында. Сенімде түсінік, қоғамдық диалогта түсіністік, санада бірлік болғанда ғана елдің дамитынына осы уақытқа дейін жүріп өткен 30 жылымыз мысал бола алады.

Мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдаймын!

Жандос Омаров, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының орынбасары

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: